Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Үздік лингвист – 2017» VIII Республикалық зияткерлік олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті

15.03.2017

Көрулер: 4876

    2017 жылғы наурыз айының 15-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінде жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Жас лингвисттер» клубы  мен «Орыс тілі және мәдениеті» орталығы бірлесе отырып «Үздік лингвист – 2017» VIII Республикалық зияткерлік олимпиадасының іріктеу кезеңін өткізді. Олимпиадаға Алматы қаласындағы бірнеше университтерден 150 студент қатысты. Атап айтқанда, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогоикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ. Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 10 үздік студент сәуірдің 14-і күні өтетін негізгі кезеңіне қатысатын болады.