Балаларды қорғау күні.

01.06.2016

Көрулер: 6174

     Жаз мезгілі керемет мерекемен бастау алады. Бүкіл әлемде бұл күн балаларды қорғау күні ретінде танылған. Балалар - өмір гүлі. Олар біздің өмірімізге жарық беріп, оны сәнді әрі мәнді етіп, толықтыра түседі. "Орыс тілі және мәдениеті" орталығы осы керемет мерекеге орай қызықты іс-шара ұйымдастырды. Орталықтың ең кішкентай қонақтары атақты орыс ақындарының өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Ал студенттер Крыловтың мысалдарының негізінде сахналық қойылымдар көрсетті. Балалар викториналық сұрақтарға дұрыс жауап бергендері үшін және де түрлі сайыстарға қатысқандары үшін шарлар мен түрлі тәттілерге ие болды.

     "Орыс тілі және мәдениеті" орталығы ұйымдастырып жүрген басқа да іс-шаралар секілді бұл мейрам да жоғары деңгейде өтті.