"Славян жазуы мейрамы" болып өтті

16.04.2016

Көрулер: 4315

2016 жылы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының ұйымдастыруымен "Славян жазуы мейрамы" болып өтті. Мейрамға филология және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері мен "Флагман" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. 

Алғы сөзді Қазақстандағы Польша орталығының төрағасы Креницкий Леонтин Францевич, орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры Ли В.С. және Санк-Петербург университетінің доценті Рябова Ольга Валентиновна сөйледі.

Мейрам өте қызықты өтіп, қонақтар мен барлық қатысушылардың көңілінен шықты.