"Флагман" бағдарламасы аясында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.

18.04.2016

Көрулер: 4230

   2016 жылдың 18 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Флагман" бағдарламасы аясында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті. Конференцияға орыс тілінің жоғары білікті оқытушылары және де Алматы қаласындағы ЖОО-ның филология ғылымдарының докторлары мен профессорлары қатысты. Конференцияның салтанатты ашылуында алғашқы сөзді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алғашқы проректоры Бүркітбаев Мұхаммедқали Мырзабайұлы, АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Марк Муди және де "Флагман" бағдарламасының студенттері сөйледі.