«Денсаулық зор байлық!!!» атты ашық кураторлық сағат.

«Денсаулық зор байлық!!!»

3.12.2020ж География және табиғатты пайдалану факультетінің 4 курс студенттерінің қатысуымен ашық сабақ өткізілді. Қазіргі пандемия уақытында денсаулыққа ереуше көңіл бөлінуде.

Адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуіне денсаулықтың маңызы зор. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ келешек еліміздің азаматтары. Сондықтан өмірге келген әрбір адам өзінің денсаулығын күтіп, тазалықты сақтап, сол үшін күресе білуі қажет. Өмір сүру үшін адам денсаулығы қымбат. Денсаулықты күтіп, әр адам өзінің жеке бас тазалығын сақтай отырып, денесін шынықтырып, шымыр болуға талпынған жөн.

Қазіргі уақытта қащықтықтан оқу барысында денсаулыққа зияны да бар. Себебі барлық сабақтар мен тапсырмалар техникалармен байланысты және ғаламторда көптеген мәліметтер іздеу және жұмыс жасау барасында кез-келген адамның көз жанарына әсер етеді. Сол үшін физикалық жаттығулар жасау қажеттілігі және үнемі қозғалыста болу қажеттілігін ескеру керек.

«Геодезия және картография» мамандығының 4 курс студенттері 1 және 2 топтардың атсалысуымен және топ эдвайзері Маженова Жанна Арипбаеваның қатысуымен ашық сабақ өткізілді.Ашық сабақта Денсаулық туралы талқыладық соның ішінде көз жанарына және салауатты өмір салтын ұстану туралы көптеген қажетті мәліметтер алдық. Денсаулық тақырыбында көптеген ақпарат алмастық және денсаулық туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп психологиялық тест шештік. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтілді. Ертай Дидәр қызық тест тапсырмаларын ұсынды. Студентттер белсенді қатысты.

Басылым күні :  17.03.2021