«Қасиеттім, қасіреттім – желтоқсан» атты ашық сабақ.

12 желтоқсан 2020 жылы, сағат 15:00 де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Геодезия және картография» мамандығының 3 ші курс студенттерінің қатысуымен, 184,185,186 шы топтардың кураторы Жалғасбеков Ермектің ұйымдастыруымен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты «Қасиеттім, қасіреттім – Желтоқсан» атты ашық сабақ өтті. Ашық шара басында Желтоқсан оқиғасы туралы жалпы түсінік беріліп, студенттердің сол оқиғаға көзқарастары мен ой – пікірлері  ортаға салынды. Сондай – ақ 184 ші топтың студенті Тулегенова Назгуль бейне шолу көрсетіп, желтоқсан оқиғасы желісінде құрылған кітап көрмесімен таныстырды. Және 185 ші топтың студенті Есболған Біржан бейне шолу көрсетіп, еліміздің есте қалар тарихи күндері туралы баяндап берді.

Басылым күні :  12.03.2021