Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Желтоқсан айының 8 жұлдызында сағат 16.00-де геоинформатика мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты тәрбие сағаты өтті.

Соңғы кездері бұрын – соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі – түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыннан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады. Осындай жағдайлардың алдын алу, жастарымыздың адаспай тура жолда жүруіне үлес қосу мақсатында өтті.

Басылым күні :  09.03.2021