Шетелдік ғылыми тағылымдама: қазіргі және болашақ жағдайы.

2019 ж. 10 желтоқсанда Картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары А.Ғ. Көшім мен Р.Т. Бексеитова «Шетелдік ғылыми тағылымдама: қазіргі және болашақ жағдайы» атты ғылыми семинар өткізді. Баяндама жасаған: Қытайға ғылыми іс-сапарына барып келеген «Табиғи-техногендік қауіпті-қателер» мамандығының 1 курс магистранттары. Семинарға кафедраның оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және деканның ғылыми жұмысы жөнінідегі орынбасары Шоқпарова Д.К. қатысты.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты – жалпы Жерді, жердегі табиғи нысандарды, табиғи ресурстарды арақашықтықтан зерделеу туралы қосымша білім алу. Бірнеше күн магистранттар әр тақырыпта дәрістер тыңдады: ауыл шаруашылықта арақашықтық зерделеу мәліметтерінпайдалану; қауіпті-қатерлер үдерістерін бақылау; микротолқынды, оптикалық арақашықтық зерделеу технологияларын қолдану және т.б.

Сонымен қатар, олар Қытай және AIR-ң жерде орналасқан арақашықтықтан зерделеу станциясында, MiYun Satelite атты қабылдаушы станциясында және Қытайдың ғылыми академиясының Олимпий кампусына болып дәрістер тыңдаған.

Қосымша ретінде тарихи және география мұражайы мен ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы болып саналатын нысандарында болды.

Оқудың соңында әр магистрант сертификатқа ие болды.

Шоқпарова Д.Қ. магистранттардың жетекеші ретінде Қытайға барып қайтқаны және іс-сапар туралы қосымшама мәліметтер айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Басылым күні :  19.04.2020