Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет студенттерінің ар-намыс кодексі.

Ақпан айының 21 жұлдызында сағат 18.30-да география және табиғатты пайдалану факультетінің 4 жатақханасында картография және геоинформатика кафедрасының студенттерімен ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексі тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатында ар-намыс кодексі толықтай, жан-жақты талқыланып, сонымен қатар студенттердің тәртібі, жатақханадағы қал-жағдайы, сабақтағы үлгерімдері және жеке бастарыңа қатысты да сұрақтар қарастырылды.

Басылым күні :  19.04.2020