Айналаңды атты іс-шара нұрландыр жобасы аясында «Мамандықтың бәрі жақсы, менің мамандығым өте жақсы»

 

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Қараша айының 11 жұлдызында картография және геоинформатика кафедрасының геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастырған тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандықты құрметтеу, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

Тәрбие сағатын қортындылай келе болашақ жастарымызды еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу. Өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру. Студенттердің кәсіби табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

Басылым күні :  19.04.2020