«1-курс таланттары-2019» гала концертіне қатысу.

 

ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы қараша айының 1 жұлдызында студенттер сарайында өтті. Эстрадалық ән, классикалық ән, дәстүрлі ән, халықтық би, қазіргі заманауи би, жас ақындар, домбырада ойнау, қобызда ойнау, пианинода ойнау, гитарада ойнау, жүргізушілер, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақ сынасқан «1-курс Таланттары» байқауының іріктеу кезеңіне 3000-нан аса өнерлі жастар қатысты.  Солардың ішінен картография және геоинформатика кафедрасының геоинформатика мамандығының 1-курс студенті Пирмахамбет Санжар «Жүргізушілер» номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ және «Қазіргі заманауи би» номинациясы бойынша география және табиғатты пайдалану факультеті 1 орынға ие болдық.

Басылым күні :  19.04.2020