Айналаңды нұрландыр жобасы аясында «Патриотизм деген не?» атты іс-шара.

Қазан айының 30 жұлдызында сағат 14.00-де 112 аудиторияда «Патриотизм деген не?» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде Қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. Отан сүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсын ұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін ояту мақсатында: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген болатын. Олай болса жүрегі елім деп соққан азаматтарымыз көбейе берсін демекпіз!

Басылым күні :  19.04.2020