Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Қазан айының 18-ші жұлдызында «Геодезия және картография» мамандығының 2 курс студенттерінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

     Абай ізінің кіршіксіз ақжүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі, Абай үні - ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Бұл сағатта әрбір студент Абай атамыздың өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, қара сөздерінен үзінді оқыды. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абай атамыздың мұрасын бой тұмарымыздай сақтап жүруіміз керек.

 

Басылым күні :  19.04.2020