"ЕЛІН БАСТАҒАН – ЕЛБАСЫ" атты ашық сабақ

23 қарашада География және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Бірінші президент күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ барысында студенттер елбасының өмірбаянына, қызмет жолына және жазған еңбектеріне тоқталып өтті. Тәуелсіздігімізді 1991 жылы алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болып,  оның бастауымен еліміз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осы жөнінде өлеңдер оқылып, арнайы видеороликтер, презентациялар да көрсетілді.

Елбасымыздың өмірбаянын айтқан кезде, ол кісінің еңбекқор, білімге құмар, талапкер адам екені, спортпен де шұғылданып, өнерге де жақындығы белгілі болды. Көптеген адамдар Елбасымыздан өнеге алып, жастарымызға үлгі тұтар тұлға екенін студенттер көрсетті. Сонымен қатар ашық сабақ барысында Тәуелсіздікке қол жеткізудің азапты да қиын жолын студенттер өлең жолдары арқылы жеткізді. Қалқаман Сариннің өлеңі тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді, сексен алтыншы жылдың желтоқсанындағы ауыр күндерді көркем сөзбен бейнелеп, керемет өлең шумақтарымен оқытушылар мен студенттерді тебірентті.

Оған қоса, студенттер «Кім жылдам» және «25 қадам», «Ойымды жалғастыр» сияқты ойындарды ойнап, еліміздің тарихын, елеулі оқиғаларды және өткізіліп жатқан әр-түрлі іс-шараларды қалай білетіндерін ашып көрсете білді. Олардың барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беруі – елін, жерін сүйетін, тарихын жетік білетін, патриотты жандар екенін көрсетті.

Ашық сабақ соңында кафедра оқытушылары Көшім Ә.Ғ. мен Байдаулетова Г.Қ.  еліміздің тарихына көз жүгіртіп, осындай елін сүйгіш азаматтар мен азаматшалардың Қазақстанның болашағы болатынына риза және елінің дамуына өзіндік үлестерін қосатындарына сенімді екендіктерін айтып өтті.

Осындай тақырыптағы ашық сабақ бәрінің естерінде ұзаққа қалатыны сөзсіз. Барлығына бұл сабақтың бір естелігі ретінде студенттер мен оқытушылардың суреттері болмақ.

 

 

Ұйымдастырушылар:  «Картография және геоинформатика» кафедрасының аға оқытушылары Байдаулетова Г.Қ., Маженова Ж. А., Сәрсембекова З. К.

Басылым күні :  05.03.2017