КжГ кафедрасының 1-курс студенттерін студенттер қатарына қосу

29-қазан күні геодезия және картография мамандығының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің балмұздақ» атты 1-курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі болып өтті. Кеш барысы 1курс студенттерімен және эдвайзерлерімен танысудан басталды. Мерекелік кешжатақхана, корпус ішінде болып жүрген күнделікті оқиғаларға негізделіп, сахналық көрініспен жалғасты. Кеште әуенді ән, түрлі халықтың биі де, мәнерлеп өлең оқу да, флешмоб та, тіпті әзіл әлеміне саяхаттау да болды1-курс студенттерімен түрлі ойындар ойнатылып кеш қызу өтті. Арнайы әзірленген видеоларды да тамашалады. Кеш соңында 2 курс студенті Ботаева Шырын 1курс студенттеріне студенттік билет тапсырды. Кеш соңында кафедра ұстаздары Слейменова Диана мен Жалғасбеков Ермекке сөз берілді

Басылым күні :  22.11.2016