Гринкампус жобасы аясында "EcoDays 2015" экологиялық фестивалі.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ұйымдастыруымен Гринкампус жобасы аясында " экологиялық фестиваль өтті. Бұл фестивальдің ережесі бойынша бірінші күн қоқыстан жасалған заттардан көрме ұйымдастырылды және де "жасыл бөлме" деген атпен аудиториялар тексерілді. Екінші күні 8 баладан тұратын командалар бойынша сайыс болды. Біздің кафедра командасының құрамындағы студенттер: Жұмабекова А, Калиахметова Ж, Жансейтов М, Оспанова А, Тапенов Д, Орынбекова Н, Ерболқызы А, Хамит А және де Таңқаман Ж, Ботаева Ш, Даулет Ж, Сериков А атсалыса көмектесті. Біздің кафедраның  командасы барлық талаптардың нәтижесі бойынша факультет ішінде ең үздік орынға ие болды.

Басылым күні :  26.04.2016