"Қазіргі уақыттағы геодезия мен картографияның жетістіктері мен болашақта даму жолы"

Картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазіргі уақыттағы геодезия мен картографияның жетістіктері мен болашақта даму жолы" атты семинар өтті. Бұл семинарға әр курстан студенттер баяндама жасап, өздерінің білімдерін шыңдай түсті. Барлығы 11 баяндама тыңдалып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша ең үздік баяндамасы үшін 1 орын Жансейтов Мерей, 2 орын Бегимжанова Еркежан, 3 орын Хамит Алтынбек және де қалған студенттер белсенді қатысқандары үшін марапатталып сыйлықтар табыс етілді.

Басылым күні :  26.04.2016