«Оқу ғимаратындағы студенттердің мәдениеттілігі» атты тәрбие сағатын өткізу.

Қазан айының 6 жұлдызында «Оқу ғимаратындағы студенттердің мәдениеттілігі» атты 1-курстармен тәрбие сағаты өтті. Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді  қажет етеді. Әсіресе бүгінгі таңда жоғары мәдениетті маманға қажеттілігі байқалып келеді. Жоғары оқу орындарында студенттердің құзыреттілігін мәдени тұрғыда қалыптастыру заман талабы. Ал, студенттердің бұл сапалы жағын ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру  жоғары мектеп педагогикасы ғылымындағы өзекті мәселе.

Басылым күні :  04.05.2015