ҚазҰУ-да 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты кеші өтті.

Ару қала Алматының құшағында орналасқан көрікті мекен ҚазҰУ қалашығына тағы да жаңа леп қосылды. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман-мұраттар байқалады. Бұл әсерге толы сәтке 3 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алаңында өткен 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатында куә болдық. 

 

Басылым күні :  04.05.2015