ЖОО СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА

29.03.2019

Көрулер: 2825

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Республикалық пәндік олимпиада «5В060400 - Физика», «5В060500 – Ядорлық физика», «5В061100 – Физика және Астрономия», «5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша ұйымдастырылды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 ЖОО-дан қатысты. Олар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Нұр-Сұлтан), С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (Нұр-Сұлтан), ТарИГУ (Тараз), Қ.А. Йассауи атындағы ХҚТУ (Түркістан), Қ. Жұбанов атындағы АӨГУ (Ақтөбе), Б. Букетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды), М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент), Мирас университеті (Шымкент), БҚМУ (Орал), Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ (Алматы), ХАТУ (Алматы), АЭБУ (Алматы) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы).

Олимпиада уақытында қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, ынталарын және де өз мамандықтары бойынша үздік болуға деген ұмтылыстарын танытты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысушы университет басшылығына және олимпиада қатысушыларына олимпиадаға қатысуға деген қызығушылықтары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар, Huawei компаниясына және HAINA академиясының жоба менеджері Альбина Смағуловаға талантты жастарға демеушілік қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.

Республикалық олимпиаданың қорытындысымен бес мамандық бойынша жалпы 31 жеңімпаз анықталды. Барлық олимпиада қатысушылары диплом және сертификаттармен марапатталды.

Командалар бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын - С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2 орын - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 3 орын-АЭжБУ, КРМУ, Мирас.