Студентер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

14.02.2019

Көрулер: 2923

 

 Cтуденттері мен жас ғалымдарының «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы
(Алматы, Қазақстан, 2019 жылғы 8-10 сәуір)


 Құрметті студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар, Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің жас ғалымдары Сіздерді «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысуға шақырады, ол 2019 жылдың 8-10 сәуір аралығында өтеді.
  Конференцияда әртүрлі салалардағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы есептер, сондай-ақ ғылыми өнертабыстар қарастырылады.


Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) студенттердің ғылыми-білім беру қызметін ынталандыру;
2) біздің заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту;
3) шығармашылық қабілеттерін жариялау, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
4) студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.


  Конференция келесі секцияларда өтеді:


1-БӨЛІМ - Теориялық физика.Ядролық физика
2 БӨЛІМ - Термофизика және техникалық физика. Стандарттау, сертификаттау және метрология.
3 БӨЛІМ - Конденсацияланған физика және нанотехнология
4 БӨЛІМ - Плазма физикасы. Компьютерлік физика
5 БӨЛІМ - Радиофизика және электроника. Астрономия


 2019 жылдың 11 сәуірінде студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалары бойынша конкурс және студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының жабылу салтанаты өтеді, онда түрлі номинациялардағы студенттер мен жас ғалымдар марапатталады.