Оқу -әдістемелік жұмысы бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары

Ермухаметова Саулегуль Раимовна

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы Ермухаметова Саулегул Раимқызын 01 қыркүйек 2011 жылдан бастап конкурстан өткенге дейін 1 жүктемеге аға оқытушы міндетін атқаруды ұсынады.

С.Р.Ермухаметова 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ заң факультетін үздік дипломмен бітірді.

1995 жылдың қыркүйек айынан 1998 жыл аралығында кафедрада оқытушы, ал 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып жүр.

С.Е.Ермухаметова факультеттің Ғылыми кеңесінің рұқсатымен сырттай және күндізгі бөлімдерде орыс, қазақ бөлімінде кәсіпкерлік, азаматтық, рим құқығынан дәріс оқып, азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы, отбасы құқығынан қазақ және орыс бөлімдерінде семинар сабақтарын өткізеді.

С.Р.Ермухаметова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және басқа да жоғары оқу орындарында өтетін әртүрлі ғылыми-тәжірибелік немесе ғылыми-теоретикалық конференцияларға белсенді түрде қатысады.

С.Р.Ермухаметова кафедраның негізгі пәндері бойынша құрастырылған электрондық оқулықтарды құрастырушылардың бірі және рим құқығы бойынша оқулық авторы.18-тен аса ғылыми еңбегі жарияланған.

Ғылыми-оқытушылық жұмыс стажы-16 жыл.

С.Р.Ермухаметова 2009 жылы «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының конституциялық-құқықтық негіздері» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі з.ғ.д., профессор С.С.Сартаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

С.Р.Ермухаметова ғылыми – оқытушылық қызмет атқарған уақыт аралығында өзін білікті, жауапкершілігі мол маман, тәртіпті қызметкер ретінде таныта білді. Факультет өміріне белсенді түрде араласады. Факультеттің спорт өміріне белсене араласушы. Әріптестері мен студенттер арасында сыйлы.