СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН АМЕРИКАДАҒЫ ТАҒЛЫМДАМА

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мансап және кәсіби өсу орталығы студенттердің қызметке орналасуына көмектесу, олардың кәсіби біліктілігін шыңдау, кәсіби саладағы жұмыс атқару тиімділігін арттыру мақсатында Ш.Есенов атындағы Ғылым және білім беру қорымен бірігіп, ғалым қонақтар шақырып, дәріс оқыту циклін ұйымдастырып отыр.

Алғашқы дәріс механика-математика факультетінің академиқ Ө.А.Жолдасбеков атындағы үлкен мәжіліс залында өтті. Дәріскер – Нусипбеков Абай (Software Engineer AmplifyLive Inc.).

Дәріс тақырыбы – Кремний алқабында жұмыс істеу тәжірибесі. Data Science (machine learning, deep learning).

Шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мансап және кәсіби өсу орталығы мен механика-математика факультеті (Ш.Есенов атындағы ҒББ қорының қолдауымен).

Қазір Ақпараттық технологиялар инвестициясы саласындағы көш басшы болып табылатын Кремний алқабына (АҚШ) тағлымдама өту үшін қабылдау жүріп жатыр. Біздің студенттер аталған қордың қаржыландыруы есебінен халықаралық жобаға қатысып, құнды тәжірибе өту мүмкіндігіне ие бола алады.

Басылым күні :  13.11.2017