Өнертапқыштар мектебі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң механика-математика факультетінде 2015 жылғы қыркүйек айынан бастап Өнертапқыштар мектебі жұмыс істейді. Бүгінгі күні Өнертапқыштар мектебі мүшелерінің саны 35 адамды құрайды. Өнертапқыштық жаңалықты тіркеуге 2 өтінім дайындалып, сараптаманың әртүрлі кезеңдерін өтуде. Енді 2 ғылыми жобаның жазылу және оларды тіркеу туралы өтінімнің рәсімделу кезеңі жүріп жатыр. 

Суретте: «Поэзия изобретений» тақырыбындағы дәріс

Қазір, жұмыс жоспарына сәйкес, мектепте 2-семестрде оқыту үшін қатысушыларды толықтыру-жазылу басталды. Студенттерді, магистранттар мен PhD-PhD-ізденушілерді және солармен қатар барлық ғылыммен айналысқысы келетіндерді шақырамыз.

2-ші семестрдегі оқу үдерісі 2016 жылғы 1-наурыз күні басталады. Оқу тегін. Өтініш келесі мекенжайда қабылданады: ҚазҰУ, Мехмат, Ақпараттық жүйелер кафедрасы, 231 бөлме.

Басылым күні :  26.02.2016