«Технологиялық процесстерді және енгізілген жүйелерді автоматизациялау» атты әмбебап зертханасы құрылды

Қазақ Ұлттық университеті, «Ақпараттық жүйелер кафедрасы», бүкіл мемлекет үшін ерекше рөлі бар ғылыми-білім беру негізіне сүйене отырып, ГПИИР-2 үшін арналған қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алуға бөлінген қаражаттар, «Технологиялық процесстерді және енгізілген жүйелерді  автоматизациялау» атты әмбебап зертханасын  құру үшін жұмсалды. Бұл зертхана жұмысы тұтастай қоғамның барлық салаларын автоматтандырудың жаңа үдерістерін енгізуге бағытталған. Бірінші кезеңде SIEMENS фирмасының (мекемесінің)  SIMATIC S7-1200 , SIMATIC S7-1500   LOGO! микроконтроллерлерімен жабдықталған және 1 суретте көрсетілгендей адам-машина HMI интерфейсіне ие 11 оқыту стендтері сатып алынды.

Сонымен қатар, АСУ жүйелерін жобалауда және құрудағы қазіргі заманғы әдістерді оқып үйрену үшін «ARDUINO» фирмасының 12 микропрцессорлық жинағы сатып алынды. «ARDUINO» микроконтроллерлі жинақтары өзінің қол жетімділігі мен арзандығы арқасында индустриалды мемлекеттердің студенттік жастары арасында әлеуметтік желілердегі ғылыми технологиялық шығарамашылыққа бағытталған  өте танымал және көп кездесетін сұраныстың бірі болып табылады. 

«Технологиялық процесстерді және енгізілген жүйелерді  автоматизациялау» мамандығы шеңберінде « Коммуникациялық және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша білікті мамандарды дайындаудың басты мақсаты, ол магистранттар арасында тек қана тікелей мекемелер мен индустриалдық кешендерде ғана емес, сонымен бірге коммерциялық ИКТ өнеркәсіп көлемінде де жұмыс істеуге қажетті білім, қабілет және шеберліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету. 

Оқыту нәтижесінде түлектер күрделі технологиялық жүйелерді басқару және модельдеу, сандық сигналдарды өңдеу, технологиялық процесстер мен жүйелерді басқару үшін күрделі компьютерлік  модельдерін қолданысқа ендіру жөнінде терең әрі кешенді білімдер мен дағдыларға  ие болады.

 
1-сурет 2-сурет

Басылым күні :  03.02.2016