Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасында координатор Жомартова Ш.А басқаруымен «Ресей мен Қазақстан– PICTET үшін EQF негізінде кәсіби дайындық» 543808-TEMPUS-1-2013-1-BE-TEMPUS-JPHES FNNS жобасының мониторингісі өтті
2015 жылдың 2-қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасында координатор Жомартова Ш.А басқаруымен «Ресей мен Қазақстан– PICTET үшін EQF негізінде кәсіби дайындық» 543808-TEMPUS-1-2013-1-BE-TEMPUS-JPHES FNNS жобасының мониторингісі өткен болатын.
Бұл мониторинг Erasmus + Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңсесі, Темпус бағдарламасының барлық жобалары үшін белгіленген ережелер аясында Брюссельде Еуропалық комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің атынан жүзеге асырылады.
Мониторингке қатысқандар: Еуропалық комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің Róisín MC-Cabe бағдарлама менеджері; Erasmus + Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің координаторы Тасбулатова Ш.У және жоба менеджері Бектурова Д; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры Ахмед-Заки Д.Ж.; механика-математика факультетінің деканы Бектемесов М.А.; АЖ кафедра менгерушісі Тукеев У.А және ұстаздар, студенттер-жоба қатысушылары.
Мониторингте Қазақстанның ЖОО-нан қатысқандар: Денисова Н.Ф Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ; Когай Г.Д. ҚМТУ; Зарубин М.Ю РИИ; Кушкалиев А.Н. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ
От вузов Казахстана на мониторинге были: ВКГТУ им. Д.Серикбаева Денисова Н.Ф.; КГТУ Когай Г.Д.; РИИ Зарубин М.Ю.; ЗКАТУ им. Жангир хана Кушеккалиев А.Н.
2014-2015 жылдарға арналған жобаның жоба үйлестірушілерінің қорытындылары туралы есебі тыңдалды және перспективалар мен болашаққа жоспарлар талқыланды.