Механика және математика факультетінің өкілдері оқу жәрмеңкесіне қатысты

Механика және математика факультетінің озық оқытушы-профессорлар құрамы О.А.Жәутіков атындағы Республикалық арнайы физика-математика мектебінде жыл сайын өткізіліп тұратын дәстүрлі оқу жәрмеңкесіне қатысып, жас өркенді Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсуге шақырды. Мектеп бітірушілерді факультет өмірімен таныстырып, мұндағы дайындық жүргізілетін мамандықтар жайлы қызықты баяндады. Олар туралы басылған буклеттер мен үлестіру матеиалдарын таратты. Ақпараттық жүйелер, информатика, математикалық және компьютерлік моделдеу, механика кафедралырының оқытушылары аса пәрмендік көрсетті. 


Басылым күні :  18.12.2015