«Дені саудың – жаны сау»

2015 жылдың 23 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шет ел филологиясы кафедрасының оқытушылары А. Молдасанова, Л. Борамбаева және М.Жанабековалардың ұйымдастыруымен болашағы жарқын жастардың рухани әлемін байытып, салауатты өмір салтына тәрбиелеп, дүниетаным көкжиегінің кеңеюіне ықпал ету мақсатында «Саламатты дене мәдениеті» жобасын негізге ала отырып, халықаралық «SOS International Clinic» емханасының жоғары санатты дәрігері, шет елдік маман Генри Батджеспен «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Дәрігер Батджес «Қауіпті аурулардан сақтану жолдары», «Жастардың денсаулығына ішімдік пен шылым шегудің әсерлері» тақырыптарында студенттерге ағылшын тілінде дәріс оқыды. Дәріске «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» және журналистика факультетінің «Журналистика» мамандығын ағылшын тілінде оқитын «арнайы топ» мамандығының студенттері қатысты.

Молдасанова А., Жанабекова  М.,  Борамбаева Л.

Басылым күні :  10.03.2015