Тұңғыш Президент күні

2014 жылдың 27 қарашасында 324-аудиторияда жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Тұңғыш Президент күніне орай қайталанбас мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара «English Club» үйірмесінің жетекшілері Г.К. Досыбаева және М.А. Жанабекова тараптарынан ұйымдастырылды.

Мереке құрметіне «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс студенттері жақсы көрініс қойды. Президенттің дүниеге келу тарихын паш ететін көрініс мазмұнына «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен алынған үзінді арқау болып, көрермендер көңілінен шықты. Студенттер дайындаған викториналық сұрақтар мен слайд арқылы көрсетілген ақпараттық мәліметтер Елбасының жеке өмірбаяны мен кәсіби баспалдақтарда жеткен жетістіктерін қамтыды. Әсіресе, Елбасының туылған жеріне арналған сұрақ пен орындалған «Үш қоңыр» ән кеш ажарын аша түсті.

Басылым күні :  10.03.2015