«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

2014 жылдың 20 қарашасында сағат 18.00-де №17 студенттер үйінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында шара өтті

Шара «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері мен «Лингвистика» және «Шет тілі» мамандығының 2 курс магистранттарының қатысуымен өтті. Бұл шараның ерекшелігі алдығы «Тұңғыш президент күнін» қамти отырып, Н. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі бойынша өтті. Көрермен студенттерге осы бағдарлама бойынша түрлі сұрақтар қойып, сонымен қатар жалпы осы бағдарламаға олардың пікірімен де бөлісті. Сондай-ақ, Елбасының жолдауы да қамтылды. Сонымен қатар шарада студенттердің әні де тыңдалып керемет кеш өтті.

     «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы шарасын ұйымдастырушылар: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының доценттері, филол.ғ.к.: Уматова Ж.М., Медетбекова П.Т. және PhD докторанты Борибаева Г.Ә.

Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А.

Басылым күні :  03.03.2015