«Сәбилердің күлкісі» атты мерекелік шара

Жалпы тіл білім және шетел филологиясы жанынан құрылған “Мұрагерлер” еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күнінде, кафедра оқытушыларының бүлдіршіндеріне арнап “Сәбилер күлкісі” атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара “Айналаңды нұрландыр” бағдарламасы аясында өтті. Мерекеге 20-ға жуық әр түрлі жастағы балалар қатысты. Келген балалардың әрқайсысы өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, қолдан жасаған туындыларынан көрме жасалды. Оның ішінде, түрлі түсті қаламмен боялған суреттер, ермексаз туындылары, тастардан жасалған әшекей бұйымдар және т.б. бар.

Балалар өз өнерлерін көрсетіп болған соң, кафедра ұжымы әр балаға өз сыйлықтарын ұсынды. Соңында барлығы естелікке суретке түсіп тарқасты. Мереке балалардың да, ата-аналарының да көңілінен шықты.

    

   

Ұйымдастырушылар: «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүлері «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері мен жетекшілері: ф.ғ.д., проф. Мәдиева Г.Б., ф.ғ.к., доц. Медетбекова П.Т., PhD докторанты, оқытушы Бөрібаева Г.А.

Жалпы тіл білім және шетел филологиясы жанынан құрылған “Мұрагерлер” еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күнінде, кафедра оқытушыларының бүлдіршіндеріне арнап “Сәбилер күлкісі” атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара “Айналаңды нұрландыр” бағдарламасы аясында өтті. Мерекеге 20-ға жуық әр түрлі жастағы балалар қатысты. Келген балалардың әрқайсысы өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, қолдан жасаған туындыларынан көрме жасалды. Оның ішінде, түрлі түсті қаламмен боялған суреттер, ермексаз туындылары, тастардан жасалған әшекей бұйымдар және т.б. бар.

Балалар өз өнерлерін көрсетіп болған соң, кафедра ұжымы әр балаға өз сыйлықтарын ұсынды. Соңында барлығы естелікке суретке түсіп тарқасты. Мереке балалардың да, ата-аналарының да көңілінен шықты.

 

Басылым күні :  01.06.2015