"Ономастика - Қоғам - Уақыт" атты ІІ республикалық студенттердің ғылыми-танымдық конференциясы

2015 жылдың 28 сәуірінде "Ономастика - Қоғам - Уақыт" атты ІІ республикалық студенттердің ғылыми-танымдық конференциясы өтті. Конференцияның ашылуына Алматы қаласы, тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Ахетов Мамай қатысты. А. Мамай тақырып бойынша баяндама жасап, қатысушылар, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Қала көшелерінің атауына байланысты шығарылған кітап презентациясын жасады.

Қатысушылар түрлі тақырыптарды талқылап, қызықты дискуссия жасады. Биылғы конференцияның ерекшелігі Тараз инновациялық-конференциясының студенттері қатысып, баяндама жасап, жүлделі орындарға ие болды.

Конференция соңында студенттер жүлделі орындармен марапатталды.

Басылым күні :  27.05.2015