«Замануи технологиялардың тілдік көрсеткіші»
2015 жылдың 26 наурызындағы «Замануи технологиялардың тілдік көрсеткіші» атты жиын өтті. Бұл жиынның ерекшелігі, жауапты студенттер: Темірғалиева Эльмира (3к.) мен Шәмишева Динара (1к.) клубтың мүше-студенттері мен жиын қонақтарына арнайы сұрақтар дайындап, дұрыс жауап берген студенттерге тәттілермен марапаттап жатты. Негізгі көтерген мәселе заманаиу технологиялар көбіне шет тілдерінде беріледі, енді осылардың қазақша аудару қаншалықты қажет, деген сауалға жауап іздеумен түрлі ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, біршама мәліметтер алғандай болды. Бұл әлі де болса шешуін таппаған мәселе екеніне көздері жетті.
Аталмыш жиынға филол.ғ.д., проф. Ж.Қ. Ибраева қатысып, жиындағы студенттердің жетістіктерін атай отырып, кемшілік тұстарын да ескерді.
Ұйымдастырушылар – клуб жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова және «Қазақ филологиясы» мамандығының 3,1 курс студенттер.