Гомердің «Илиада», «Одиссея» туындысына дөңгелек үстел

8 сәуір, 2015 жылы сағат 14:00-де 302 аудиторияда “100 кітап ” жобасы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «шетел филологисы» мамандығын 2 курс студенттері және «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттері Гомердің «Илиада», «Одиссея» туындысына дөңгелек үстел өткізді.

Студенттер «Илиада» мен «Одиссея» поэмасының мазмұнын айтып, кейіпкерлердің әрекеттері мен бір-біріне деген қарым-қатынастарын талқылады. Оқытушылар мен студенттер болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраны білу, ежелгі грек әдебиетінің зерттеуге қызығушылықты дамыту қажеттігін айтты.

Сулейманова  С.А.

Басылым күні :  27.05.2015