«Қазақ тіліндегі жарнаманың проблематикасы»

2015 жылдың 19 ақпанында «Қазақ тіліндегі жарнаманың проблематикасы» атты жиын өтті. Жоспар бойынша өткен жиында студенттер қаладағы жарманалардағы қателіктердің қолдаусыз қалып отырған тұстары жайында сұрақ-пікір арқылы өткізді. Жиында филол.ғ.д., проф. М.Б. Мәдиева студенттерге жарнамаға қатысты мәселелердің шешілуіндегі біршама қиындықтарды атап беріп, студенттер тарапынан көмектердің бірқатарын ұсынды. Студенттердің қаламыздағы көше атауларындағы қателіктермен қатар, жарнамадағы қателіктерді атай отырып, түсіріп алған суреттерін көрсетті. Жиынның соңында осындай түсірілген суреттер қай жерде, яғни мекен жайын көрсетіп қалалық Тіл дамыту комитетіне ұсынуды жөн көрді.

Жиынға кафедраның PhD докторанты Н. Исмаилова қатысып, жиын соңында өз пікірін айтты.

Ұйымдастырушылар – клуб жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова және «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенттер.

Басылым күні :  24.05.2015