«Ономастика шыңы»

2014 жылдың 27 қарашасында «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының «Ономастика шыңы» атты дәстүрлі шарасы өтті. Шара «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Жоспар бойынша екі жылдық өткізген шаралар мен жиындары жайында есеп берілді және дәстүр бойынша клубқа  осы мамандықтың 1 курс студенттері ресми қабылданды.

Ең негізгісі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ономастика бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д., проф. Қыздархан Рысбергенова қатысып, ономастика саласының теориялық және практикалық маңыздылығы жайында баяндама оқыды.  Баяндама барысында студенттердің сұрауы бойынша өз зерттеуіне бастау болған және қазіргі біздің мемлекетіміздің осы сала бойынша жетістіктері мен зерттелетін тұстары да айтылып өтілді. 

Жиын соңында филол.ғ.д., проф. Қыздархан Рысбергенова «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының мүшесі ретінде және ғылыми кеңесші  қабылданып алдағы клубтың жұмысы барысында атқаратын жұмыстарының негізі бірлесе орындалатыны айтылды.

Ұйымдастырушылар – клуб жетекшілері: филол.ғ.д., профессор Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова және «Қазақ филологиясы» мамандығының 3 курс студенттер. 

 

Басылым күні :  24.05.2015