Жылдық жоспарды талқылау

2014 жылдың 18 қыркүйегінде айында клуб  жетекшілері мен мүшелерінің келісілген жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Клуб мүшелері 3 және 1 курс «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттері осы оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарын талқылау барысында негізгі төмендегідей мәселелердің аясында шара ұйымдастыру жоспарланды:

     1) «Қазақ хандығының 550 жылдығы»;

    2) «Жеңістің 70 жылдығына»;

    3) «Конституцияға 20 жыл».

Алиев Асан мен Қуанышева Ақманар клубтың ашылғаннан бергі уақытта атқарған жұмыстары жайына тоқтала отырып, осы оқу жылындағы ономастика, яғни жалқы есімдерге қатысты қоғамдағы мәселелердің барлығы мемлекетіміздегі, университет пен факультет және жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасына қатысты атаулы күндермен байланыстыра өткізгеннің тиімділігіне тоқтала өтті. Клубтың жиыны А.С. Аманжолов атындағы 322 дәрісханада өтті.

Басылым күні :  24.05.2015