"Ел үміті - жалынды жастар" атты іс-шара
Елбасымыздың басшылығымен биылғы 2019 жыл "Жастар жылы" болып белгіленуіне байланысты ақпан айының жиырма алтыншы жұлдызында Ақпараттық Технологиялар факультетінің "Ақпараттық жүйелер" мамандығының 7-тобы "Ел үміті - жалынды жастар" тақырыбын өрбіте отырып, мазмұнды іс-шара өткізді. Бұл шара "Жастар жылының" қаншалықты маңызды екеніне мән беріп, болашаққа деген ұмтылыс пен жауапкершілікті сезінуге шақыра білді. Аталмыш шара барысында топ ұжымы ауызбіршілік танытып, тақырып мазмұнын жеткізе алды.Куратор-эдвайзер: Аға оқытушы Бейбітхан Еркегүл Бейбітханқызы.
Басылым күні : 07.03.2019