"Басқару функциялары және менеджменттің пәнаралық мәні" тақырыбында кезекті іскерлік ойын өткізілді.

Интерактивті әдіс түріндегі бұл іскерлік ойын бизнестегі шартты жағдайларды қарастыруға мүмкіндік береді, онда студенттер ұжымдық түрде талдап, пікір алмасады және нақты міндеттерді алға қойып, оны шешуге ат салысады. Сондай-ақ, олар іскерлік ойында серіктес ретінде басқа топпен белсенді қарым-қатынасқа түседі. Бұл іскерлік ойын студенттердің ғылыми зерттеу әдістерін қолдану саласындағы құзыреттілігін қалыптастырып, сонымен қатар 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша: - ақпараттық жүйелерді жобалау, қолдау және дамыту кезінде инженерлік шешімдерді қолдану (күрделі инженерлік қызметті басқаруда шешім қабылдауға жауап беруге дайын)); - кәсіпкерлік қызметтің негіздерін, бизнесті ұйымдастыруды, экономикалық білімділіктерін көрсете білуге, мемлекеттік реттеу механизмін, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп және қаржы мәселелерін талқылай білу секілді құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Басылым күні :  18.02.2019