«ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП – 2018»
Ұйымдастырушылар: Механика-математика факультетінің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподығы Сайыстың мақсаты: ең үздік топты анықтау. Сайыс турлары: 1. Қарттар үйіне бару; 2. Топтың портфолиосын жасау. Осы 2 турдан өткендер іріктеліп 3 турға өтті. Өткізілген орны: Механика-математика факультетінің Сары залы 3-турға өткендер: Қатысушылар: 1) Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының 2017-1А тобы (АҚЖ 2017-1А тобы). Куратор: Тұрғанбаева Әлия; 2) Автоматтандыру және басқару мамандығының 2017-3Б тобы. Куратор: Умаров Амантур. 3 тур 3 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Smart KazNU тақырыбында бейнеролик түсіру; 3. Куратор мен топ арасында сөз жасыру ойыны және сұрақ-жауап сайысы. Марапаттау: «Ең үздік студенттік топ-2018» 1-орын: АҚЖ 2017-1А тобы «Ең үздік студенттік топ-2018» 2-орын: АжәнеБ 2017-3Б тобы Ең үздік староста: Әтен Айғаным (АҚЖ 2017-1А тобының старостасы) Ең үздік куратор: Умаров Амантур (АжәнеБ 2017-3Б тобының кураторы)
|