Ақпараттық жүйелер кафедрасы аясындағы Швецияның Линчёпинг университетінің «Автоматты басқару және ақпараттық жүйелер» мамандығының магистрі Раушан Резванидің ғылыми тағылымдамадан өту қорытындылары туралы ғылыми семинар

2017 жылдың 15-қарашасында сағ. 15.00-де Механика-математика факультетінің 213 бөлмесінде Швецияның Линчёпинг университетінің «Автоматты басқару және ақпараттық жүйелер» мамандандырылуының магистрі Раушан Резванидің Ақпараттық жүйелер кафедрасы аясындағы ғылыми тағылымдамадан өту қорытындылары туралы ғылыми семинар өтеді.

Баяндаманың тақырыбы

Боуман-Шумлянский капсуласында адам бүйрегі нефронының сүзгілік биомеханикалық қасиеттерін компьютерлік моделдеу

Осы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері туралы білгісі келетін студенттер, магистранттар мен докторантар және басқа да тілек білдірушілер шақырылады.

Басылым күні :  14.11.2017