Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

"...ДАЛАНЫҢ ДАУСЫ БОЛЫП ЖЕТКЕН АҚЫН" 1.12.17

Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында механика-математика факультетінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын тау тұлғалармен кездесу әлі де жалғасын тауып келеді. Бірінші желтоқсан күні механика-математика факультетінің оқытушысы Әбенов Болат Құсайынұлының бастауымен, Қ.Аманжолов атындағы әдебиет және өнер бірлестігі мен әл-Фараби кітапханасының атсалысуымен ақын, жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Жақыппен "...ДАЛАНЫҢ ДАУСЫ БОЛЫП ЖЕТКЕН АҚЫН" әдеби-сазды керемет кеш өтті. Бауыржан Жақыптан бөлек елімізге танымал ақындар мен әнші-күйшілер де келді. Түрлі естеліктер мен жастарға тәрбие берер ақыл-кеңестер айтты.

"Ақпараттық технологиялардағы бәсекелестiк барлау"  28.10.2017
  "Ақпараттық технологиялардағы бәсекелестiк барлау" бойынша конференция өтті. 
бакалаврлар:
1. Габбасов
2. Есжанов
Магистрлар:
1. Тулебаев
2. Шалабаев
3. Оспанов
Докторанттар:
1. Бисалиев
2. Болатбек

Киберқауіпздік бойынша KazHackStan конференциясы 27.10.2017
Киберқауіпздік бойынша KazHackStan конференциясы өтті.  АҚЖ 1-курс бакалавр студенттерi қатысты: 
1. Есжанов
2. Муканова
3. Нурмагамбетов
4. Тарас
5. Габбасов

 

"Тілдің мерейі – елдің мерейі"

19.09.2017

Топтар: «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

Кураторлар: Шоқанқызы Еркежан, Тұрғанбаева Әлия Оралбайқызы

Мақсаты: Студенттердің қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге тәрбиелеу. Студенттерге тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Автоматтандыру және басқару» мен «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының студенттерінің бірігіп ұйымдастырған «Тіл мерейі, ел мерейі» атты салтанатты жиыны.

Негізгі ой «Қазақ тілінің мәртебесін әрқашанда биік қоюға, тәуелсіз еліміздің тірегі – өсіп келе жатқан жас ұрпақты білімдерін жетілдіріп, тілдерді меңгеріп қана қоймай өз ана тілін жан-тәнімен жақсы көріп, құрметтеп, бабалар аманатына адал болуға шақыру» болып табылады. 

Өткізілген орны: Қызыл зал

«100 кітап» жобасы аясында 4.11.2017 ж. І.Есенберлиннің «Көшпенділер»  триологиясы 4.11.2017

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында 4.11.2017 ж. І.Есенберлиннің «Көшпенділер»  триологиясына арналған ашық кураторлық сағатын  «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4-курс студенттерімен  өткізді.

Жауаптылар: Самбетбаева А.К., Жуманбаева А.М., Омаров Б.С.

«Адамдық борышың...» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған ашық сабақ. 29.09.17 «100 кітап» жобасы аясында механико-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасы  Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалын студенттермен оқып-түсіну мақсатында «Адамдық борышың...» атты ашық сабақ өткізеді.