Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi
![]() |
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2019. PhD. қауымдастырылған профессор. Азат С. |
http://www.rudn.ru/media/news/international-cooperation/stipendiya-top-student-mobility-obyavila-pobediteley 1. Тасимханова Азиза 2. Бидилдаева Арайлым |
РУДН университеті «TOP STUDENT MOBILITY» стипендиялық бағдарламасын қорытындылады. Кандидаттарды конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша бір адамға 41,500 рубль көлемінде біржолғы төлем алатын 28 жеңімпаз анықталды.Стипендия 2019/2020 оқу жылының бірінші семестрінде желілік түрде іске асырылатын негізгі білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында RUDN университетінде білім алатын жетекші шетелдік университеттердің студенттеріне арналған. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! |
![]() |
Меруерт Нажипқызы «Үздік педагог» жобасы аясында «Үздік ғылым кандидаты-2019» атағының иесі болып табылады. «Үздік ғылым кандидаты-2019» атты медаль және дипломмен марапаттау 2019 жылдың маусымында Министрлер Үйінде, Нұр-Сұлтан қаласында болды.
|
|
|
![]() |
2015 ж.: PhD докторант Садыков Бахтияр "Үздік постерлік баяндама" номинациясында"SHS-heat insulators based on the modified technogenic raw materials" тақырыбы бойынша1-ші жүлде алды. |
![]() |
2017 жылдың 8 қыркүйегінде «Шелл Қазақстан» компаниясы мен KAZENERGY ассоциациясы XI Еуразиялық KAZENERGY форумының аясында өткен IX жастар форумында STUDENT ENERGY CHALLENGE байқауының жеңімпазын атады. Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химиялық физика және материалтану кафедрасының студенттері Б.Қайдар, Д.Аргимбаев, З.Курбанова, Н.Терюкаловадан құралған «Synergy» командасы жеңіп алды, команда жетекшісі – Г.Т.Смагулова. Команда «Көміртектенген күріш қауызынан жасалған нанокөміртекті сіңіргіш қабаты бар тиімділігі жоғары күн коллекторлары» жобасын ұсынып, «Шелл Қазақстан» компаниясынан 10000 евро сыйлық алды. |
Кафедраның үздік оқытушы-профессорлары |
|
![]() |
х.ғ.д., профессор З.А. Мансұров:
|
![]() |
х.ғ.д.,профессор С.Х. Ақназаров
|
![]() |
х.ғ.д.,профессорЕ.Қ.Оңғарбаев:
|
![]() |
х.ғ.к.,доцент Г.О. Төрешова:
|
PhDДоктор Досжанов Е.О.
|
|
|
х.ғ.д., профессор Р.Г. Абдулкәрімова
|
![]() |
Қазақстандық танымал химик, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, З.Мансуровқа ЮНЕСКО-ның «Наноғылым мен нанотехнологияның дамуына қосқан үлесі үшін» медалы табыс етілді. Марапаттау 2018 жылдың 22 қарашасы, ұйымының Париждегі штаб пәтерінде өтті. 2010 жылы ЮНЕСКО бас директоры негізін қалаған бұл медаль, жыл сайын сала бойынша және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар мен ұйымдарға табыс етіледі. Қазақстандық ғалым бұл мадалға «көміртеткі материалдар өнідіріс технологиясын жасауға қосқан үлесі үшін және көміртеткі нанотүтікшелерді, графенді жалдында синтездегені үшін» ие болды. Марапаттаудан кейін З.Мансуров өз сөзінде , ЮНЕСКО-ның еңбегін бағалағанына алғыс білдіре отырып, «Қазақстан ғылымның жетістігі көп жағдайларға тәуелді, қазіргі күні біздің ғалымдар, әсіресе жастардың әлемдік ғылыми орталықтармен жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктер бар», бұл жағдайда, елбасы реформаларының маңызы зор деп атап көрсетті. Марапаттауға қатысқан, Қазақстанның ЮНЕСКОдағы тұрақты өкілі, Жан Ғалиев отандасын құттықтай отырып, бұл еңбегіңіздің және наноғылым мен нанотехнология дамуына қосқан үлесіңіздің Қазақстандық және халықаралық ғылыми ұйымдар жағынан мойындалуы деп атап өтті. Осы жылы сонымен қатар бұл медалмен Россия, Франция, Австралия, Финляндия, Австрия, Греция, Египет, США қатарлы елдердің 9 өкілі марапатталды. Бұл медалмен бұрын марапатталғандардың ішінде физика саласы бойынша Нобел сыйлығының лауреаты Исаму Акасаки және Жорес Алфёров, Қытай ғылым академиясының Чунь ли Бай бар. |