Кафедраның тарихы

Жану процесінің негізін Г.И. Ксандопуло және оның қызметкерлері зерттеген. Зерттеу барысында тек қана химиктер емес, сонымен қатар физиктер мен математиктерде атсалысқан. Бастапқы зерттеу жұмыстары физикалық химия кафедрасында жүргізілді. Г.И. Ксандопуло және оның қызметкерлері жеткен жетістіктері 1979 жылы ҚазМУ химия факультетінде химиялық кинетика және жану кафедрасын ашуға үлкен үлесін тигізді және 1997 жылы химиялық физика кафедрасы болып аты ауыстырылды.

Химиялық физиканың шешетін мәселелерінің шеңбері профессор З.А. Мансұровтың жетекшілігімен кеңейтілді, 1997 жылы профессор З.А. Мансұров кафедра меңгерушісі болып тағайындалған.

Қазіргі уақытта химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., доцент Тулепов М.И.