Кафедра ұжымы, магистранттары және студенттері мен профильдік мектеп оқушыларымен кездесу

14.02.2017 ж. картография және геоинформатика кафедрасының оқытушылары, магистранттары және студенттері мен КазҰУ профильдік мектеп оқушыларының кездесуі болып өтті. Бірінші курс студенттері Жеңісова Н., Қуан Н., Телібай Р., Мусалиева А., Кенжалиева А., Жолмағамбетова А., Ибаділда А., Сатыбалдиев Т.  өз мамандықтары, кафедра және әл-Фараби атындағы КазҰУ-дағы студенттік өмір ерекшеліктері туралы айтты. Кафедраның 1-курс магистранты Мыңжасаров Б. өзінің геодезист болып жұмыс істеген тәжірибесімен бөлісті.

 Іс-шара ұйымдастырушылары: кафедра жетекшісінің орынбасарлары Шмарова И.Н., Байдаулетова Г.К., 1-курс кураторы Жалгасбеков Е.Ж., кафедра аға кураторы Сүлейменова Д.Н., аға оқытушы Сарыбаев Е.С., Профильдік мектеп директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Жакеева М.М.

Басылым күні :  15.12.2017