Ұлыбританияның Манчестер университеті өкілдерінің іс-сапары

2017 жылдың 29 маусым айында Ұлыбританияның Манчестер университеті өкілдерінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген іс-сапары аясында география және табиғатты пайдалану факультетінің басшылығымен кездесу өтті. Аталған кездесуде Манчестер университетінің бизнесті дамыту бойынша менеджері Шанта Афале, копьютер ғылымдары мектебінің ғылыми қызметкері Энн Гладсон, тұрақты энергетикалық жүйелер бойынша профессор Патриция Торнлей (Tyndall Centre for Climate Change Research) және де Дейв Картер, Manchester Digital Lab жетекшісі қатысты. Кездесу барысында тек білім беру бағытында ғана талқылаулар болып қоймай, сонымен қатар ғылыми даму бағыты бойынша да талқылаулар жүрді. Университет өкілдері факультет қабырғасында жыл сайын өткізіліп отыратын «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты форум, университеттің тұрақты қала идеясы мен «Al-Farabi university smart city» жобасына, қалалардың дамуы мен оны жобалауда қазіргі таңдағы жаңа ГАЖ-технологиялары мен арақашықтықтан зерделеу әдістерін пайдалану мүмкіншіліктері қызықтырып, кездесу нәтижесі бойынша келесідей бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту көзделіп отыр:

• Білім-беру саласында қарым-қатынас – жазғы/қысқы оқуларды ұйымдастыру, «геоинформатика», «картография», «метеорология» және «экология» бағыттары бойынша академиялық ұтқырлылық бағдарламасын дамыту.

• Ньютон-Аль Фараби және Global Changing Fund (жаһандық сұрақтарды қамтиды) бағдарламаларына ортақ жоба дайындау.

• Смарт Сити және қалалардың тұрақты дамуы.

• Ауа-райы өзгерістеріне тұрақтылықты арттыру – төмен көміртекті даму - тұрақты энергетикалық жүйелер

• Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету.

2017 жылдың 30 маусым айында факультет қызметкерлері Манчестер университетінің өкілдері Дейв Картер мен Анн Гледсонның Алматы қаласында «Атакент» сауда-көрмет орталығында өткен VI Инновациялық форумдағы баяндамасына қатысты.

Дейв Картер өзінің баяндамасында бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары және де болашақта старт-ап саласын дамыту мен Urban Planning бағыты бойынша қазақстандық университеттермен, әсіресе форумқа қатысып келіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультет мүшелерімен қарым-қатынас орнатуды көздеп отырғанын атап өтті.

Соынмен бірге, Энн Гладсон өзінің баяндамасында да Манчестер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен болашақта ынтымақстастықты нығайту мүмкіншіліктеріне тоқталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімге келіп, жұмыс тобы анықталды.

 

Басылым күні :  03.07.2017