«5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 - Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада, 29-31 наурыз 2017 жыл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2017 жылдың 29-31 наурызында «5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 - Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.

 

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Олимпиада тілдері: казақ және орыс.

 

Олимпиаданың тақырыптық бағыттары: - География; - Экология; - Гидрология; - Геодезия және картография.

 

Олимпиадаға «География», «Гидрология», «Геодезия және картография» және «Экология» мамандықтары бойынша оқитын, үш студенттен құралған командалар қатысады.

 

ОЛИМПИАДА ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

1) Өз университетінде өтетін кезең (2017 жылдың 1 қаңтарына дейін);

2) Республикалық финалдық кезеңі (29-31 наурыз 2017 ж.).

 

Құжаттардың электронды (сканерленген) көшірмесін 2017 жылдың 18 наурызына дейін келесі электронды пошталарға қабылданады:

«География» мамандығы бойынша Сарсенова Индира Бахитжановна

8 (727) 377 33 35 (вн: 14-87), +7 (708) 6755750,  

indira.sarsenova@gmail.com,

Indira.Sarsenova@kaznu.kz

«Гидрология» мамандығы бойынша Жанабаева Жанара Ануарбеккызы

8 (727) 377 33 35 (16-01), +7 (701) 3708051  

Zhanar.Zhanabaeva@kaznu.kz

«Экология» мамандығы бойынша Рысмагамбетова Айна Акановна

8 (727) 377 33 35 (16-04), +7 (702) 6727875

Ayna.Rysmagambetova@kaznu.kz

«Геодезия және картография» мамандығы бойынша Мадимарова Гулмира Сурабалдиевна

8 (727) 221-12-74 (12-74), +7 (707) 7878014

madimarovagulmira69@gmail.com

 


 

Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, 6-корпус.


Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі және жалпы мәліметтер ақпаратттық хатта берілген.

Басылым күні :  28.02.2017