Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

2022-2023 жылғы ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

Бөрібаева Гүлнар Әбдіқасымқызы - PhD, түркітану және тіл теориясы кафедрасының доцент м.а. Қазіргі уақытта шақырылған ғалым ретінде АҚШ-тың Калифорния штаты, Санта-Барбара қаласындағы Калифорния Университетінде «500 ғалым» санатында Болашақ бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуде. Зерттеу тақырыбы қазақ тілінің сөйлеу корпусын құрастырумен байланысты. Супервайзері Профессор Джон У. ДюБуа Санта-Барбара Америка ағылшын тілінің сөйлеу корпусын құрастырған. Тағылымдама барысында Гүлнар белсенді түрде Лингвистика департаменті ұйымдастыратын лингвистикалық дәрістер мен семинарларға қатысады, олар: «LING 124 Discourse Analysis», «LING201 Research Methodology and Statistics in Linguistics», «LING110 Foundations of Computational Linguistics», «LING120 Corpus Linguistics», «LING 260 Advanced Language Change», «LING 212 Corpus Construction and Discourse Transcription», «LING 102 Programming for Linguists», «LING 247 Computational Cognitive Models of Language», «LING 127 Psychology of Language» және «LING272 Linguistics Colloquium», «LING274 Language, Interaction and Social Organization Talks» лингвистикалық семинарлары. Бос уақытында университет ұйымдастыратын әлеуметтік іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар, California Qazaq Community орталығында ерікті (волонтер) ретінде қазақ тілін үйретіп, Лос Анджелестегі  Қазақстанның ұлттық мерекелерін ұйымдастыруға белсенді түрде көмек көрсетеді.

 

 Марина Жамбылқызы 2021 жылы Миннесота университетінің Білім және адам дамуы колледжінде алты айлық “Зерттеу және Көшбасшылық” бағдарламасы бойынша «Bolashaq» стипендиясының иегері. әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Гумелов Қазақ ұлттық университеті, Назарбаев университеті, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ Британ техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамы, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан Миннесота штатында 14 қазақ ғалымы тағылымдама өтті.

Бағдарлама барысында 50-ден астам академиялық семинарлар, Анока-Рамси Қоғамдық колледжіне, Мемлекеттік Олаф колледжіне, Миннесота Дулут университетіне, UMN кеңейтіміне 10 академиялық сапарлар және университет кітапханаларында зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жасады.

Бір апталық интенсивті сертификатталған CARLA курсына қатысты. 2022 жылдың күзінде тағайындалған факультет тәлімгерімен жеке жұмыс жасады.

 2022 жылдың 15 қарашасында Миннесота университетінің басшылығын және оқытушы құрамын Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетімен, қазақ мәдениеті және дәстүрімен, білім беру жүйесі және университеттермен, профессорлық-оқытушылар құрамымен және университеттермен таныстыру мақсатында «Университеттердің тұсаукесері» көрмесі ұйымдастырылды.

18.11.22 және 11.19.22 аралығында «The Minnesota English Learner Education (MELED) Conference» атты конференциясына қатысты.

 

Тағылымдама соңында бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификатына ие болды.

 

2020 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

PhD, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доценті Таубаев Жарас Тұрысбекұлы Колледж-паркте орналасқан Мэриленд университетінің ғылыми стипендиясын жеңіп алды. Ол ғылыми тіл орталығында тіл маманы қызметін атқарды. Бұл тағайындау мерзімі 2020 жылдың 1 ақпанынан басталып, 2020 жылдың 31 тамызында аяқталды. Таубаев Жарас Тұрысбекұлының ғылыми жобада қосқан үлесі, адам тілінің әртүрлі технологияларын дамытуда қолданылатын семантикалық кодталған сұраулар топтамасын әзірлеуге, ана тілінің сараптамалық үлесін ұсыну үшін, үш адамнан тұратын топтағы бірлескен жұмысты қамтыды. Оның мақсатына, осы сұраулардың дәлдігін, сондай-ақ ағылшын тіліндегі семантикалық салыстыруды тексеру жатты. Қолданыстағы корпуспен (мәтіндік және сөйлеу құжаттары жиынтығымен) жұмыс істей отырып, ол әр сұраныс-құжат жұбының сәйкестігін бағалауға жауап берді және басқа топ мүшелеріне сапаны бақылау шешімдерін ұсынды. Зерттеу жобасынан бөлек Таубаев Жарас Тұрысбекұлы түрлі дәрісханалық курстарға қатысып, қонақ дәрістерін оқыды.  




2019-2020 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының аға оқытушы, докторант Утемғалиева Насихат  01.09.2019-31.05.2020 аралығында Вена қаласындағы Вена экономика және бизнес университетінде (WU) Ernst Mach Grant – worldwide бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарламаны жүзеге асырушы OeAD. Бағдарлама грант иегерлеріне Вена қаласында орналасқан кез келген кітапханаға кіру мүмкіндігін берді. Грац, Линц, Иннсбрук, Клагенфурт қалаларында орналасқан университеттерде түрлі тренингтер ұйымдастырды. Жас ғалымдарға арналған дәрістер, халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндерін, түрлі семинарлар ұйымдастырып, белсенді түрде қатыстырды.    

2019-2020 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының аға оқытушысы, докторанты Кайбулдаева Аксауле Зауытбековна, 2019 жылдың 1 мамыры мен  31 мамыр аралығында Ұлыбританияның, Шотландия мемлекеті, Эдинбург қаласы, Эдинбург университетіне және 2019 жылдың 1 маусымы мен 31 шілде аралығында Австрия мемлекетіндегі, Вена қаласы, Вена экономика және бизнес университетіне, PhD докторанттарды дайындау бағдарламасына сәйкес шетелдік тағылымдамадан өтті. Бекітілген жоспарға сәйкес тағылымдама Эдинбург университетінде басталды. Аталған университетте тағайындалған ғылыми жетекшісі, университет профессоры Лариса Рязанова-Кларкпен диссертациялық жұмысы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді . Көрсетілген уақыт аралығыныда диссертациялық жұмыстың бөлімдері бойынша материалдар жинады.Тағылымдаманың екінші бөлігі, 2019 жылдың 1 маусымы мен 31 шілде аралығында,  Вена экономика және бизнес университетінің профессоры Эдгар Хофманның жетекшілігімен өтті. Маусымның 7-8 аралығында Дрезден техникалық университетінде «Intercultural communication and intercultural learning» атты конференцияға қатысты. Конференцияда «Лингвистический ландшафт г. Алматы» тақырыбында баяндама жасады.


2018-2019 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА ТУРАЛЫ 

Қазіргі заманғы әлем адам қызметінің барлық салаларында, әсіресе, білім беру саласында өте тез және серпінді дамып келеді. Жаһандану мен бүкіләлемдік интеграцияның қоғамның ең күшті қозғалтқыштарының бірі - жастарды айналып өтуі мүмкін емес. Қазіргі таңда жастардың жеке дамуына және мәдениетаралық қоғамда ақпарат алмасуға барлық мүмкіндіктері бар. Осындай мүмкіндіктердің бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенттеріне, куратор-эдвайзері Күзембекова Жанна Жалайыровнаның бастауымен, 10 күн ғылыми әлемнің ең көне университеттерінің бірі - Стамбул университетінде тағылымдамадан өту түрінде берілді. 14 мен 24 наурыз аралығында студенттер университеттің әртүрлі бөлімдерінде тәжірибеден өтті: әйгілі профессорлардың лекцияларына қатысып, өз білімдерін толықтырды, Стамбулдың аңызға айналған кітапханасында кітап оқыды, дөңгелек үстелдерге қатысты және қазақ-түрік орталығында жұмыс жасады. Студенттердің тәжірибе уақытымен тұспа-тұс университетте Наурыз мейрамы ұйымдастырылды, бұл барлық түркі халықтар үшін ерекше, үлкен маңызға ие мейрам. Осыған орай, студенттер қазақтың ұлттық биі - «Қара Жорғаны» билеп, ән айтып, ұлттық аспабымыз домбырада ойнады. Әлемдегі ең әдемі қалалардың бірінде бола отырып, студенттер тек тәжірибемен ғана шектеліп қоймай, қаланың басты көрікті жерлерімен – Көк Мешіт, Базилика цистернасы, Галата мұнарасы және Топкапы сарайымен танысты. Тағылымдаманың әрбір күні өте жемісті өтті және студенттерге соңғы күні сертификаттар тапсырылды.

 

ТҰМАНДЫ АЛЬБИОНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

       2018 жылы 17 және 30 маусымның аралығында Қ.Р БҒМ академиялық мобильді бағдараламасы шеңберінде St. Mary's University және Айтматов Академиясы (Лондон, Англия) магистратураның «Лингвистика» мамандығында шетел тағылымдамасы орын алды.

       Лондондағы тағылымдама біздің кәсіби және академиялық қызмет үшін өте пайдалы және өнімді болып табылды. Тағылымдама бағдарламасы St. Mary's University және Айтматов Академиясының өкілдерімен іскери форматта танысуға әсер етті, Британ кітапханасына, Британ Ұлттық мұражайына, Оксфорд университетіне баруға және мәдени аралық коммуникациямен айналысатын лингвистер үшін ағылшын қонақжайлылығымен танысуға көмектесті.

     ҚазҰУ барлық академиялық деңгейде студенттерді жоғары деңгейдегі білімділікпен ерекшеленетіндіктен, магистранттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту оңай болды, себебі ҚазҰУ магистранттарының алар асуы биік.

       Барлық кездесулер, презентациялар, материалдар мен St. Mary's University оқытушыларымен бейресми әңгімелесулер, Англияның қымбат және тәкаппар мемлекет емес екендігін дәлелдеді. Тағылымдама бағдарламасы Лондон өмірінің тартымдылығына, жаңа академиялық және іскерлік қарым-қатынас орнатуға деген тартылыс, Англия мен Қазақстан магистранттары мен студенттерінің тәжірибе алмасуына бағытталған. Ағылшындар серіктестік және ұзақ іскерлік қатынасқа деген қызығушылықтарын ашық көрсетті.

       Тағылымдаманың үлкен пайдасы біржақты ойлайтын топтың жиналуында. Ұзақ уақыт бойы, біз топ ішінде тәжірибемен, идеялармен алмастық. Сонымен қатар, тәжірибе барысында туындаған күрделі сұрақтар талқыланды. St. Mary's University және Айтматов Академиясында болған кезде, біз үшін әлемдік деңгейдегі Оксфорд және Кембридж университеттерінде жемісті экскурсиялар болды. Біз үшін бұл академиялық тұрғыдан және жалпы білім жоспарында да қызықты және пайдалы болды.

       Ағылшындардан мәдениет пен дәстүрді білуге үйренсе болады. Қонақ үй бизнесіне келсек, бұл клиенттерге деген сыпайы қарым-қатынас және қонақжайлылық. Ағылшын қонақ үйлерінде біз қонақжайлылықтың барлық жерде орын алу керектігіне көз жеткіздік. Бұл өз кезегінде интуитивтік деңгейде жүзеге асады, яғни қонақ үй басқарушысы мен ас үйдегі аспазға дейін барлық қызметкерлер құрамы өзінің қонағы үшін барлық жағдайды жасайды. Біздің қоғамымызда да осыған ұмтылу керек. Әрине бұл менталитет, бұл дәстүр, ұрпақтардың тәрбиесі, тәжірибе жүзінде алсақ бәрі - қарапайым.

       Англия жан-жақты мемлекет. Кітапханалары, шіркеулері мен қоршаулары көне сұлулығымен көздің жауын алады. Осының бәрі де жаңа архитектуралық құрылыстармен үйлеседі. Ағылшындар өздерінің ұстамдылығына қарамастан, өте ашық жарқын және жылы шырайлы халық. Олар өздеріне, қоршаған ортаға, туристерге құрметпен қарайды.

       Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлын, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Мадиева Гульмира Баянжановнаны, Әулие Мәрияның Маркетинг және студенттерді қабылдайтын Халықаралық менеджері Sian Rees-Jones, Айтматов Академиясының директоры Абдивалиева Рахима Мусаевнаны көрсеткен мүмкіндік үшін рахмет айтамыз, себебі осы іс-сапар магистрлік диссертация дайындығына үлкен рөл атқарды.

Қазақ ұлттық университеті

«Лингвистика» мамандығының

2 курс студенттері

Садырбаева Зульфира

Задаханова Алия

   
     


 

2017-2018 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

Мұғалім Молдасанова Айсулу Аблакимовна Катман Тельманов, Төлегенова Динара, Джаппарова Диана, Сандыбек Жаудир, Сатыбалдина Аружан, Эспюзинова Асель, Оспанов Әсел, Мұрат Алмаз, Жапар Дин 2018 жылдың 12 ақпанынан бастап 2018 жылдың 22 ақпанына дейін табысты Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде ғылыми-зерттеу тәжірибесің өттіМәскеуде Ресейде.


 

 2017-2018 оқу жылдарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

 

Студент Валентина Баптис Дюссо Франция, Париж қаласынан , , 14 желтоқсан, 2017 жылдан  1 маусым 2018 жылға дейін оқуға
 Әл-Фараби атындағы қазұу
"академиялық ұтқырлық бағдарламасы № 4-4236 бағдарламасы, "Эразмус +" ЕКТС бойынша келді

 

 

 2017-2018 оқу жылдарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

 

Қазұу студенттері-Әл-Фараби атындағы Сұлтанова Динара, Искандерова Жансая, Контек Аим, Nurakhun Анель, Жансая Темірхан, Досумбекова Мадина, Каликова Анель 20 қарашада 2017 жылғы 28-ақпан 2018 жылдың күзіне дейін білім беру сапарға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Франция қаласында Нанси " Лотарингия Университеттік Орталығы (Университеті де Лоррен)      
         

 

 

2017-2018 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

Оқушылар Астана қаласы, Еуразия Университеті Байбулова Асем
Султанкызы мен Діңжуманова Дана Ерланова 26 қарашасында 2017
6 желтоқсанына дейін 2017 жылғы табысты тағылымдамадан өтті Әл-Фараби атындағы қазұу, Шетел филологиясы (зерттеу).

   

   

 


2016-2017 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар


2017 жылы профессор Гульмира Баянжанқызы Турция қаласында Стамбул Университетінде табысты
 ғылыми-зерттеу тәжірибесің
өтті

 
 



 

 

 2016-2017 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

Таубаев Жарас Турысбекұлы 2016 жылдың 4 сәуірі мен 2016 жылдың 16
сәуірі аралығында ғылыми зерттеу университеті Жоғары экономика
университетінде (Мәскеу, Ресей) «Шетел тілдері және мәдениетаралық
қарым-қатынас» бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу
тағылымдамасынан өтті.

 

 

 

 

 

 2015-2016 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

 Утемгалиева Насихат 15 қазандағы 2014 жылғы 15 желтоқсанға дейін 2015 жылы Австрияның Линц қаласында
сәтті оқу курстары

 



 

 2015-2016 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

 

 

3.Таубаев Жарас Тұрысбекұлы 20.10. 2015 – 20.12. 2015, 19.05. 2016 –
20.06.2016 аралығында АҚШ-тың Вашингтон қаласындғы Біріккен тілдер
ұлттық комитеті, тілдердің ұлттық консулы және халықаралық білім
орталығында, Қолданбалы лингвистика орталығы және Конгресс
кітапханасында «Саяси дискурстағы эпонимдер: прагмалингвистикалық
аспект» тақырыбы бойынша қажетті теориялық материалдар жинақтап,
шетелдік ғылыми кеңесшісі Ph.D. У. Риверстен диссертация жайлы құнды
кеңестерін алып, шетелдік тағылымдамадан өтті.

   



2014-2015 оқу жылдарындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы


Насанова А.К., Аляхикмет А.Г., Турсынбекова М.Т. студенттері 23 қыркүйекткн 2014 жылынан - 15 ақпаның 2015 жылына дейин Словакия Нитра қ., Португалия, Лиссабон елдеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы  Шетел филологиясы бойынша курстар оқыды

 


2013-2014
Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

2.Таубаев Жарас Тұрысбекұлы. 2013 жылы Нью-Йорк қаласында (АҚШ)
Колумбия университеті мен «CPLC (Campus)» білім орталығында «Academic
skills in English»атты бағдарлама бойынша білім алып, біліктілігін арттырды.

 

     
       
 
 
   

 

 

 2012-2013 Ғылыми тәжірибелік іс-сапарлар

 

1.Таубаев Жарас Тұрысбекұлы 2012 жылы Қытай Халық Республикасының,
Шанхай қаласында «Қытай тілі мұғалімдерін даярлау» атты әдістемелік
семинарына қатысып, тәжірибеден өтті.

   

 

Жамбылқызы Марина является степендиантом Международной программы Bolashaq шестимесячной программы “Исследований и лидерства” в Колледже образования и человеческого развития Университета Миннесоты 2021 года. 14 казахстанских ученых Казахстана: Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Назарбаев Университет, Л.Н. Гумилева, Казахско-Британский технический университет, им. Южно-Казахстанский университет имени Ауэзова, Казахский национальный женский педагогический университет им. Павлодарский педагогический университет имени Маргулана, Г. Даукеева Алматинский университет энергетики и коммуникаций, Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Немецкое общество международного сотрудничества прошли стажировку в Университете Миннесоты.

Во время программы Жамбылқызы M. участвовала в 50 академических семинарах, 10 академических поездок в Общественный колледж Анока-Рамси, Государственный колледж Олафа, Миннесотский университет Дулут, UMN Extension и работала в библиотеке по теме исследования.

Успешно завершила интенсивную недельную сертифицированную программу CARLA и TREK. Осенью 2022 года работала один на один с назначенным наставником факультета.

15 ноября 2022 года была организована выставка «Презентация Университетов» с целью ознакомления руководство и преподавателький состав университета Миннесоты с научно-техническим потенциалом Республики Казахстан, казахской культурой и традициями, системой образования и университетами, преподавательский состав и учащаяся молодежь.

С 18.11.22 по 19.11.22 приняла участие в конференции «The Minnesota English Learner Education (MELED) Conference».

По окончании стажировки получила сертификат о прохождении программы.