Ғалым Асқар Жұбановқа арналған конференция
15.11.202215.11.2022 күні ғалым Асқар Жұбановқа арналған конференция өтті. Конференцияға кафедрамыздың оқытушылары және түлектері қатысты. |
15.11.2022 күні ғалым Асқар Жұбановқа арналған конференция өтті. Конференцияға кафедрамыздың оқытушылары және түлектері қатысты. |
2022 жылдың 22 қазанында Түркияға кезекті сапары барысында Бектемірова Сәуле Бекмұхаммедқызы Стамбул университетінің профессоры Сапашев Оразмен кездесті. Бұған дейін университетімізде көптеген жобаларды бірлесіп жүзеге асырған ғалымдар қазір қандай тың жобалармен айналысып жатқандарымен бөлісті. |
|
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасына арнайы ғылыми іссапармен Вашингтон университеті (АҚШ) Таяу Шығыс тілдері және өркениеті кафедрасының профессоры, PhD докторы Талант Мауқанұлы және Гиссен университетінің (Германия) профессоры, PhD докторы Майкл Рейнхард Гесс келді.
Алдағы күндері Вашингтон университетімен екі жақты келісім шарт орнату, ғалымдарымыздың ашық дәрістерін тыңдау және т.б. біраз жоспарлар іске асырылмақ.
|
Ораз ағай, біздің қарашаңырақ ҚазҰУда!
Әр күнгі ақпаратқа құлағы түрік жүретін ізденушілерге бүгінгі аяқ-асты ұйымдастырылған мәнді де мазмұнды, ғылыми танымдық, тағылымдық дәрістің берері мол. Ағайдың әрбір көтерген ғылыми ойлары көптеген идеялардың туындауына түрткі болды.
|
Бүгін «ТҮРКІ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЫҚПАЛЫ» атты жазғы ғылыми семинарымыз ары қарай өзінің жалғасын тапты. Бұл ғылыми семинардың өзгешелігі - басқа ғылым салалары ғалымдарының (тілші, әдебиетші, тарихшы, шығыстанушы, географ, математик, химик, эколог, физик, және т.б.) бастары бір арнада тоғысып, түрлі ғылыми зерттеулерді бірге тыңдап, бірге талқылауы еді.
Раушан Авакованың “Түркі өркениетінің әлем мәдениетіне ықпалы: лингвистикалық экскурс”;
Нұржамал Алдабектің “Ұлы Жібек жолы және түркі-қытай мәдениетінің өзара ықпалдастығы”;
Майра Жүністің “Қазақстандағы қашқаритану: лингвистикалық аспект”;
Ләззат Спанқұлованың “Үйдегі қарым қатынас тілі және сақтандыру нарығы”;
Сейілхан Азаттың “Жастарды ғылымға тарту және оның маңызы”;
Ерлан Досжановның “Экологические проблемы и аспекты культуры номадов Евразии”;
Рашид Керімбаевтың “Әл-Хорезми: Әлджәбір мен уәлмүкәбәла”;
Сәуле Бектемірованың “Түркі халықтары жайлы ғаламтор желісіндегі жаңа мәліметтер”, және т.б. тақыптар бойынша баяндама жасалып, ой-пікірлері ортаға салынып, қазіргі таңда ғылымдар тоғысындағы зерттеулердің өзекті екендігі айтылды.
Түркі әлеміне арналған осындай игі-шаралардың басы-қасында жүріп, жоғары дәрежеде өтуіне бірден-бір себепші болған түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұжымына, меңгерушіміз, профессор Раушан Әмирдинқызы Аваковаға алғысымызды білдіреміз.
|
Білім беру орталыңы MIA education 10-11 сынып оқушыларына жоғарғы оқу орындарының көрмесін өткізді. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті өзін таныстыруда белсенділік көрсетті. |
2021 ж. 9-10 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Хаджетеппе университеті (Анкара, Түркия), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Мәскеу, Ресей Федерециясы), Ұлығбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан), Мажарстан ғылым академиясы (Будапешт, Мажарстан), Стамбул университетінің жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул,Түркия) бірлесіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай
«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КЕҢІСТІГІНДЕ» атты Халықаралық онлайн
конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркология және тіл теориясы кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев – қазақтың ұлы ақыны» атты ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара 10.12.2021ж. сағат 09:00 зум платформасында өткізілді. Іс-шара өте жоғары деңгейде болды. Іс-шара ұйымдастырушылары: аға оқытушы Утемгалиева Н.А., доцент Медетбекова П.Т., оқытушы Несипбай Г., оқытушы Контек А.