Жаңалықтар

Феррух Акжа

23.12.2022

Эскишехир Османгази университеті (Түркия Республикасы) профессоры, доктор Феррух Ағжа 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында Фараби университетіне дәріс оқуға келді. Профессордың дәрістері көне ұйғыр тіліндегі мәтіндерді оқу, аудару, оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру мәселелеріне арналды. Әсіресе, профессордың "Ғылыми индексі жоғары шетелдік журналдарға мақала жариялаудың жолдары мен қағидалары" атты дәрісі кафедрамыздың магистрант, докторант және оқытушыларына көп пайдасы тиді. Онда профессор скопус базасына кіретін журналдарға мақала жариялау бойынша нақты мәліметтерді жүйелі түрде түсіндірді. Профессордың дәрістерін басынан аяғына дейін тыңдағандарға сертификат табысталды. Университет тарапынан профессорымыз АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Түрлі түстер кеші

14.12.2022

WhatsApp Video 2022-12-23 at 20.06.23.mp4

14-ші желтоқсанда кафедрада "Түрлі-түстер кеш" өтті. Оқытушылар бірнеше топқа бөлінді және әр топтың өзіндік тақырыптық түсі болды. Оқытушылар сәйкес түсті киініп, сәйкес түсті тағамдар әкелді. Тәуелсіздік күніне орай айтылған құттықтаулар және тілектер айтылды. Тату және позитивті профессорлық-оқытушылық құрам жақсы оқу үрдісінің кепілі.

Ары қарай оқу >>

ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2022

02.12.2022

 Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті, PhD докторы Таубаев Жарас Турысбекович ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) елдерінің оқу және ғылым мекемелерінің жас ғалымдары қатысқан байқауға қатысып, ғылыми жұмысын ұсынып, 1-ші дәрежелі дипломмен, «ТМД-ның үздік жас ғалымы  2022» медалімен марапатталды. Осындай атаулы марапат иесіне ғылыми шығармашылық табыс тілейміз. Кафедрамыздың, университетіміздің мәртебесін әрдайым биік деңгейге көтеретініне сенімдіміз, тілектеспіз.

Ары қарай оқу >>

Танымдық жарыс

02.12.2022

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрік тілінің оқытушысы Буркитбаева Шынарай Дубировнаның басшылығымен 2.11.2022ж түркология фамандығының 1-курс және екі шет тілі мамандығының 2-курс студенттері арасында танымдық жарыс өтті. Екі топ та жарыс барысында өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық билер билеп, өлең айтып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, ең үздік деп танылған 1-орынды түркология мамандығы студенттері иеленсе,  екі шет тілі мамандығы студенттері 2-орынды қанжығалады. Одан бөлек, ерекше көрсеткен өнері үшін Шалқарбай Лашын, Жәнібекқызы Айкөркем, Құрақ Махаббат сынды студенттер марапатталса, түрік тіліндегі жаңылтпаштарды еркін жатқа айта білгені үшін Рахымбек Құралайым марапатқа ие болды. Әдемі дауыс иесі атағын түркология мамандығының студенті Хаджыева Юлдуз алса, белсене қатысқаны үшін Аразмадов Палта, Матиева Гырмызы, Розмурадова Гурбансултан марапатталды. Кешіміздің қонақтары мен әділ-қазылар алқасының құрамында Түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Авакова Р.А, Меңгерушісінің орынбасары Сұлтанбек Қ, Екінші орынбасары Ешметова Б, Оқытушы Құдиярова Ш, Қайрат А. Магистрант, т.б болды. Қызықты тартысқа толы болған кешіміз әсем әнмен аяқталды.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті сөз сөйлеуіне пікір

02.12.2022

Президенттік сайлау және кафедра ұжымының қолдауы


Күні кеше еліміз кезекті маңызды саяси оқиға – Казақстан Республикасы Президенттік сайлау науқанын сәтті аяқтап, «Жаңа Қазақстанның» тағы бір жаңа белесіне аяқ басуға шешім қабылдады.

Республика басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза ҚР президенті ретінде ел алдында салтанатты түрде ант беріп, ресми қызметіне кіріскеніне бірер аптаның жүзі болды. Президенттік сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі әдеттегідей Астанадағы Тәуелсіздік сарайында көк туымыз бен президент байрағы, Ата заңымыз сияқты мемлекеттік рәміздердің қатысуымен халықаралық хаттама ережесіне сәйкес барынша бекзаттықпен, салтанатпен атап өтілгеніне қалың бұқара куә болды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентінің өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" деген ел басшысы мемлекеттік қазақ тілінде өз жұртының алдында ант берді. Мемлекеттік әнұранның шырқалуы, сарай алдындағы зеңбіректерден оқ атылуы және т.б. атрибутикалық ережелердің орындалуы - Қазақстан президентінің ресми түрде қызметіне кіріскендігін дәлелдеп жатты.

Жалпы қайсыбір сайлау болмасын, ол елдің болашағын бағамдап айқындауда және оның даму стратегиясында, кемелдену кезеңінде, жетілу жолында маңызды рөл атқарады. Үкімет пен халық арасындағы сындарлы диалог, өзара сенім, елдің рухани-моральдық потенциалы, сауда-экономикалық әл-ауқаты, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру мүмкіншілігі – барлығы да сайлау кезіндегі әрбір азаматтың таңдау обьектісінің жауапкершілігіне тікелей байланысты болмақ.

Сайлау кезінде жиналған әрбір азаматтың дауысы халқымыздың өмірінде бастан кешкен нәтижелері мен болашаққа деген сенімі үшін берілді деп айтуға болады. Соңғы бірер жылда Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде «Жаңа Қазақстан» атты ұғымның аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда жаңару үрдісі бармаған аймақтар кемде-кем болар. Ел өңірлеріндегі алыс аудандар мен ауылдарды дамытуға, өнеркәсіп пен халыққа қызмет көрсету саласын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер жасалып, мейлінше еркін дамудың қақпасы айқара ашылды. Тәжірибелік тиімділік, адам капиталын жоғары қою жаңа қазақстандық реформалардың көздеген басты мақсатына айналды. Әртүрлі топтарға арналған әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әсіресе ғылым мен білім беру ісін ізгілендіруге, дамытуға көп көңіл бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза отандық ағартушылық саласы жүйесінің үздік үрдісін сақ­тай отырып, қашанда даму жолын­да болу керектігін айтып жүр. Қазақстанның дамыған ел қатар­ына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екенін де жиі тілге тиек етеді. Бұл үшін осы саланың дамуына жаңа, қуатты серпін берудің маңыздылығын да ескертеді. Былтыр шілде айында ЖОО-ларға академиялық еркіндік пен қаржылық дербестік беру туралы көптен күткен заң қа­­был­­данды. Шетелдік студенттер­дің саны 9 мыңға артып, бұл бар­лық ізденушілердің 4 пайызын құрады.

Қазақ ғылымы мен Жоғарғы мектебінің қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасы жаңа Қазақстанның жаңа президенті ұстанған бағытты да, саяси көзқарасын да, жалпы ғылым мен білімді жаңа форматқа өткізу кезеңінің енді келгенін баяндап жатқан хабарламаларын да қолдайды. Болашаққа стратегиялық қадам жасауға бағытталған ғылым мен Жоғарғы білім беру саласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сенген жаңа ұрпақты тәрбиелеу жауапкершілігін толығымен мойнымызға алатынымызды, еліміздің даму жолындағы жаңа көзқарастарды қабылдауға дайын екендігімізді жеткізгіміз келеді.

Түркітану және тіл теориясы

кафедрасының меңгерушісі,

филол.ғ.докторы, профессор

Авакова Раушан Амирдинқызы

Филология ғылымдарының кандидаты,

доцент міндетін атқарушы

Акимишева Жанар Абдисадыккызы

Ары қарай оқу >>

Мажарстан этнографы Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы

02.12.2022

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті Мажарстан шығыстанушысы, саяхатшы, зоолог және этнограф Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Делегация құрамында Алматы қаласындағы Мажарстан консулы Питер Сиклош, этнологтер Шанта Иштван мен Шомфай Кара Дэвид бар.

Әл-Фараби ғылыми кітапханасында өткен іс-шараны филология факультеті ұйымдастырды. Құрметті меймандар үшін Тұңғыш Президент пен Абай залы, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры, «Ұлы даланың жеті қыры», «Алаш көсемдері» және т.б. тақырыпта экскурсия өткізілді. Сонымен қатар делегация мүшелері білім ордасының ғалымдары әзірлеген инновациялық жобаларына қанықты. Қонақтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті даму жоспарының екінші кезеңімен танысты.

Дөңгелек үстел отырысына филология ғылымының докторы, профессор Раушан Амирдинова, ҚР ҰҒА академигі, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев, Археология, этнология, музеология кафедрасының доценті Гүлжан Мейірманова, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Катран Досымбек, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Әлия Өмірбекова, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Еркежан Әпсеметова, шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем және т.б ғалымдар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар сөз сөйлеп, Шомфай Кара Дэвидтің қысқа метражды деректі фильмін тамашалады. Шара соңында дөңгелек үстел отырысына қатысқандар естелік суретке түсті.

Ары қарай оқу >>

Феррух Акжан семинар-дәрісі

30.11.2022

Қарашаның 30-ы филология  факультеті  түркітану және тіл теориясы  кафедрасының ұйымдастыруымен  Туркия республикасы, Эскишехир Османгази университеттің профессоры, доктор Феррух Ағжанның «Әлемдегі түркітанудың зерттелуі» тақырыбы бойынша семинар-дәрісінің өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті сөз сөйлеуіне пікір

30.11.2022

Мен жастарға сенемін
Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың сөзі сөйлеуіне пікір


2022 жылғы 26 қарашада инаугурация – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми ұлықтау рәсімінің салтанатты рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын жариялап, басымдықтардың қатарында жастар саясатын дамыту және ел болашағы ретінде жастарға қолдау көрсетуді атап өтті. Елбасы өз сөзінде жастарымыздың рөліне ерекше тоқталып: «Алдыңғы қатардағы мемлекеттердің алдыңғы қатарында болу үшін тек қана үйреніп қоймай, өзгеге де үйрететін ұлт болуымыз керек. Біз басқалардың жасағанын пайдаланып қана қоймай, әлемге өзіміздің жаңалықтарымыз бен жетістіктерімізді беруіміз керек. Бұл үшін халқымыздың әлеуеті де, таланты да, шеберлігі де бар. Мен біздің серпінді және озық ойлы жастарымызды мақтан тұтамын. Сондықтан ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзін қайталауға дайынмын. Расында, жастарды бәріміз де қолдауымыз керек! Еліміздің жарқын болашағына жол ашатын – жас ұрпақ. Бірақ жетістікке жету үшін жастар талмай еңбектенуі, жаңа білім мен тәжірибеге ұмтылуы қажет. Сонда ғана олар өз ісінің нағыз маманы болып, сұранысқа ие болып, құрметке ие болып, қоғамға пайдасын тигізеді» [1].
Осыған байланысты мектеп пен университет түлектерінің алдында басты таңдау – мамандық алу тұр, бұл өз кезегінде адамның болашақ өмірін айқындайды.
Еліміздегі ең ірі оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ озық ойлы жастарды өз қабырғасында біріктірді, университет сұранысқа ие мамандықтар бойынша болашақ мамандарды дайындайды. Мәселен, ҚазҰУ-да 16 факультет, 68 кафедра, 97 өндірістік филиал, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық және технопарктер табысты жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда университет студенттерге заман талабына және еңбек нарығына бейімделген заманауи оқу пәндері мен бағдарламаларын ұсынатын бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша 500-ден астам білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. ҚазҰУ-дың Орталық Азиядағы бірінші университет болуы кездейсоқ емес, ол Түлектердің жұмысқа орналасу рейтингінде 550 университеттің ішінде 201-250-орынға ие болды [2].
Кез келген мемлекеттің басты құндылығы – осы елдің халқы, азаматтары. ҚазҰУ-дың өскелең ұрпағы бакалавриат студенттері, магистранттары мен докторанттары – жаңа формацияның болашақ мамандары, олар заман талабын ескере отырып, кәсіби қызметін құруға және дұрыс бағалауға, өз саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені қабылдауға тиіс. білім. Елбасымыз атап өткендей, «Әділетті мемлекет боламыз десек, өткенге объективті баға беріп, одан сабақ алуымыз керек. «Жақсылықты үйрен, жаманнан аулақ бол». Бұл ережені болашаққа ұмтылған мемлекет ұстануы керек.
Отансүйгіштік, ізденімпаздық, ынтымақ пен мейірімділік – еліміздің және университетіміздің шынайы құндылықтары. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болашаққа ұмтылып, бүгінді сеніммен тұрғызады, өткен дәстүрді қастерлеп, қастерлейді.
Дереккөздер:
https://www.akorda.kz/ru/vystuplenie-glavy-gosudarstva-kktokaeva-na-ceremonii-inauguracii-2610566
https://www.kaznu.kz/ru/3/news/one/28532/

Ибраева Жанар Құлматовна,
филология ғылымдарының докторы, түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ары қарай оқу >>

Миннесота университетінде ҚазҰУ таныстырылды

28.11.2022

2022 жылдың 15 қараша айында АҚШ, Миннесота университінде университет басшылығы, оқытушы-профессор құрамы мен білім алушы жастарына Қазақстан Республикасы, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі, білім беру жүйесі мен университеттерінің ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстыру мақсатында «Poster Presentation» көрмеcі ұйымдастырылды. Көрмеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркология және тіл теорясы кафедрасының Болашақ халықаралық бағдарламасы 500 – ғалым жобасы аясында аталмыш университетте «Research and Leadership» бағдарламасымен тағылымдамадан өтіп жатқан спипендиаттары PhD, доцент М. Жамбылқызы, PhD, доцент А. Досанова ұлттық университет жайлы толыққанды ақпараттар берді. Көрмеге Қазақстандық он университет өкілдері қатысты: Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы. Көрме аясында қатысушы қонақтар тарапынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне деген қызығушылық ерекше болды. Көрме – екі ел университеттері ғалымдары арасындағы болашақ ғылыми ынтымақтастық пен тұрақты серіктестік байланыс  мүмкіндігін ұлғайта түсері сөзсіз. 

Ары қарай оқу >>

Профессорымыздың Стамбул университетіне сапары

24.11.2022

 
Осы жылы кафедрамыздың құрметті оқытушысы Мадиева Гульмира Баянжановна Стамбул университетіне іс-сапармен  барып келді. Онда Гульмира Баянжановна, кафедрамыздың оқытушысы болған, қазірде Стамбул университетінің профессоры Сапашев Ораз және  Орта Азия университеттерінің ғалымдары бас қосып ғылымдағы маңызды мәселелерді талқыға салды.

Ары қарай оқу >>